АҚШ-та боран салдарынан әуе рейстері кейінге шегеріліп, көлік қозғалысы қиындады

0
640

Бет қаратпайтын бораннан мемлекеттік мекемелер де жұмысын тоқтатқан.


АҚШ-та боран салдарынан әуе рейстері кейінге шегеріліп, көлік қозғалысы қиындады

ERNUR.KZ. АҚШ-та қарлы боран Юта штатының тіршілігін тұралатып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпандағы әлектен жұрт жолдан, балалар сабақтан қалып жатыр. Бет қаратпайтын бораннан мемлекеттік мекемелер де жұмысын тоқтатқан. Бұған қоса, қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері де кейінге шегеріліпті. Жергілікті полицейлердің сөзінше, ұйытқып соққан боран кесірінен 250-ден астам көлік апаты тіркелген. Өз кезегінде, синоптиктер өңірдегі боран апта соңына қарай елдің шығыс және оңтүстік бөліктеріне ауысатынын айтуда.