АҚШ-та екі нәрестеден маймыл шешегі анықталды

0
657

Доктор Дженнифер Маккуистон АҚШ-тағы маймыл шешегінің 2891 жағдайының 99 пайызы ЛГБТ қауымдастығының «еркектерімен» байланысты, қалған пайызы әйелдер мен трансгендерлік еркектерге тиесілі екенін мәлім етті.


АҚШ-та екі нәрестеден маймыл шешегі анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркелгеннен кейін тағы екі баланың вирус жұқтырғаны анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының директоры Рошель Уэленский өткен аптада Калифорния мен Вашингтонда екі нәрестеден маймыл шешегінің белгілері анықталғанын айтты.

Қазіргі уақытта балалардың денсаулығы қанағаттанарлық, оларға вирусқа қарсы ем қабылдануда.

Патогендер және патология бөлімінің ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы директорының орынбасары, доктор Дженнифер Маккуистон АҚШ-тағы маймыл шешегінің 2891 жағдайының 99 пайызы ЛГБТ қауымдастығының «еркектерімен» байланысты, қалған пайызы әйелдер мен трансгендерлік еркектерге тиесілі екенін мәлім етті.