АҚШ-та ерте босану бойынша әлемдік рекорд орнатылды

0
1 311

Бала жүктіліктің 21 аптасында туылса да аман қалды.


АҚШ-та ерте босану бойынша әлемдік рекорд орнатылды

ERNUR.KZ. АҚШ-та ерте босану бойынша әлемдік рекорд жаңарды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бала жүктіліктің 21 аптасында туылса да аман қалды, бұл қажетті 40 аптаның жартысы.

Кертис есімді нәресте 2020 жылдың шілдесінде Алабамада дүниеге келген. Оның салмағы небәрі 420 грамм, бұл футбол добымен бірдей. Оған қазір 16 ай.

Оның анасы Мишель Батлер 2020 жылдың 4 шілдесінде денсаулық жағдайына байланысты шұғыл ауруханаға жеткізілді. Келесі күні ол егіздерді уақытынан бұрын дүниеге әкелді - Кертис пен ЦʼАсу. Бір күннен кейін қыз қайтыс болды, дәрігерлер баланың аман қалуының мүмкіндігі 1 пайыз ғана болса да егіздің сыңары аман қалған.

"Медицина қызметкерлері әдетте мұндай аптада туылған нәрестелерді ұстамайтынын айтты. Бұл мен үшін қорқынышты болды. Олар оның тірі қалатынына сенімді болмады, маған тек дұға тілеуді тапсырды", - деді Мишель Батлер.

Бала 2021 жылдың сәуір айында ғана ауруханадан шығарылды. Бала үш ай бойы реанимацияда жатып жасанды тыныс алу аппаратында болды. Осы уақыт ішінде өз бетінше тыныс алуға және тамақтануға үйретті.

"Біз ешқашан бұл аптада туылған нәрестені неонаталдық реанимация бөліміне жатқызған емеспіз, сондықтан Кертис алғашқы болды. Бұл жағдай біздің тәжірибемізде де алғаш рет болып отыр", - деп түсіндірді UAB ауруханасының педиатрия профессоры доктор Брайан Симс.

Балаға әлі де арнайы тамақтандыру түтігі мен қосымша оттегі қажет, бірақ дәрігерлер оның сау екенін айтады.

Тиісті рекорд Гиннестің рекордтар кітабына жазылды, онда Кертис алдыңғы чемпионнан 24 сағат бұрын дүниеге келгені көрсетілген.