АҚШ-та қарлы бораннан 4000 рейс кейінге қалдырылды

0
752

Ақ ұлпа бірден 30 штатта жауған.


АҚШ-та қарлы бораннан 4000 рейс кейінге қалдырылды

ERNUR.KZ. Америка Құрама Штаттары қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақ ұлпа бірден 30 штатта жауған. Кейбір өңірлерде оның қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жетеді. Ізінше қарлы боран салдарынан 750 рейс тоқтатылып, 4000 рейс кейінге қалдырылды. Олардың басым бөлігі Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия, Чикаго және Вашингтон әуежайынан ұшпақ болған бағыттар. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Ал Нью-Джерси губернаторы болса қызметкерлерді түс қайта жұмыстан ерте босатуға бұйрық берді. Тұрғындарға мүмкіндік болса үйден шықпауға кеңес беріліп жатыр. Синоптиктердің болжамынша, АҚШ-та мұндай ауа-райы алдағы апта бойы сақталмақ.