АҚШ-та мектеп автобусы жол апатына ұшырады

0
550

Зардап шеккендер арасында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бар.


АҚШ-та мектеп автобусы жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Кентукки штатында мектеп автобусы апатқа ұшырап, 18 бала мен жүргізуші түрлі дәрежеде жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасы Магоффин округі аумағында болған.

Автобус Салерсвилл қаласына қарай келе жатқан кезде жолдан шығып, аударылып қалған. Зардап шеккендер тікұшақпен және жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Олардың арасында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бар. Полицияның мәліметінше, оқиғаға басқа көлік құралдарының қатысы жоқ. Мектеп автобусы қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталмағаны белгілі болды, соның салдарынан көп адам зардап шекті.