АҚШ-та мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды - Видео

0
1 472

АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы ең ірі өңдеуші кәсіпорын болып саналады, онда мыңға жуық адам жұмыс істейді.


АҚШ-та мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды - Видео

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Филадельфия штатындағы оңтүстік бөлігінде орналасқа мұнай өңдеу зауытында жойқын жарылыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Fox News телеарнасының мәліметінше, мекемеде әлі де алапат өрт болып жатыр екен. Оқиғаның мән-жайы және қанша адам зардап шеккені әзірге белгісіз. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде МӨЗ аумағында болған жарылыстың фидеосы жарияланды.


Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 4-те (14:00 Астана уақыты бойынша) басталған. Зауыттың маңындағы жолдар жабылған. Зауытқа жақын үйлердің тұрғындары жарылыстардың болып жатқанын айтады.

Өртті бірнеше мильден көруге де болады. Филадельфия орталығында түтін көкке көтерілген. Philadelphia Energy Solutions компаниясының кешені АҚШ-тың шығыс жағалауындағы ең ірі өңдеуші кәсіпорын болып саналады, онда мыңға жуық адам жұмыс істейді.