АҚШ-та зауытта жарылыс болды

0
416

Бедфордтағы (Огайо штаты) темір зауытында жарылыс кезінде 13 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


АҚШ-та зауытта жарылыс болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Fox News жергілікті филиалы өрт сөндірушілерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Зардап шеккендердің кем дегенде біреуінің жағдайы ауыр деп бағаланды.

Fox News хабарлауынша, жарылыс 20 ақпанда мыс қорытпаларын шығаратын Schumann & Co компаниясының металлургия зауытында болған. Жарылыс салдарынан басталған өртті сөндіру кезінде бірнеше жерден бригадалар жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар жанып жатқан мұнайдың түтіні мен иісіне шағымдануда.