АҚШ-та жаңа антирекорд: бір тәулікте 3011 адам коронавирустан қайтыс болды

0
827

10 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ-та 15 381 450 адам коронавирус жұқтырған.


АҚШ-та жаңа антирекорд: бір тәулікте 3011 адам коронавирустан қайтыс болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та коронавирустық эпидемия басталғалы бері алғаш рет бір тәулікте үш мыңнан астам өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Хабар24.

Өлім жағдайларының бұған дейінгі рекордтық көрсеткіші өткен аптада тіркелді – 2885 науқас қайтыс болған еді. Осы жолы АҚШ-та бір тәулікте 3011 адам дүниеден өтті.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сәйкес 10 желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ-та 15 381 450 адам коронавирус жұқтырған. Елде індет салдарынан барлығы 288 мың адам көз жұмған.