АҚШ-та жұмбақ монолит табылды

0
741

Бұл туралы жергілікті журналистер хабарлады.


АҚШ-та жұмбақ монолит табылды

ERNUR.KZ. Американың Юта штатындағы таулы аймақта металдан жасалған жұмбақ монолит табылды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы жергілікті журналистер хабарлады.

Айтуларынша, шығу тегі белгісіз металл кесегін жабайы қойлар санын есептеу кезінде көзге түскен. Оны штаттың оңтүстік аумағын тікұшақпен аралап жүрген қорықшылар мен экологтар байқап қалып, бірден жақын маңға қоныпты.

Анықталғандай монолиттің биіктігі екі метрден асады. Алайда әзірге оны кім және не үшін орнатқаны белгісіз. Кей азаматтар оны суретші орнатқан десе, енді біреулер бұл өзге ғаламдықтардың ісі екенін айтады. Жергілікті билік болса, монолиттің орналасқан жерін жасырып отыр.