АҚШ-тағы Google орталығында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

0
790

Онда үш электрик жұмыс істеп жатқан.


АҚШ-тағы Google орталығында жарылыс болды: зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. АҚШ-та Google компаниясының деректерді өңдеу орталығында жарылыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, оқиға АҚШ-тың Айова штатындағы Каунсил-Блаффс қаласындағы Google орталығы ғимараттары жанындағы қосалқы станцияда болған. Онда үш электрик жұмыс істеп жатқан.

Электр разрядынан туындаған жарылыс салдарынан үш электрик те ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілген.

"Бүгін Айова штатындағы Каунсил-Блаффс қаласындағы Google-дің деректерді өңдеу орталығында болған электр желілеріне қатысты оқиғадан хабардармыз, салдарынан үш адам зардап шекті, олар қазір медициналық көмек алып жатыр. Барлық қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – біздің абсолют басымдығымыз және жағдайды мұқият зерттеп, қажетті көмек көрсету үшін серіктестер және жергілікті билік органдарымен тығыз жұмыс жасаймыз", - делінген Google мәлімдемесінде.

Бұл Google кешені компанияның ең ірі деректерді өңдеу орталықтарының бірі саналды. Бөлмеде үлкен көлемдегі деректерді сақтауға және өңдеуге арналған жүздеген суперкомпьютерлер болған.