АҚШ-тың бірнеше штаты қар астында қалды (фото)

0
2 335

Кей аудандарда қардың биіктігі ондаған сантиметрге жеткен.


АҚШ-тың бірнеше штаты қар астында қалды (фото)

ERNUR.KZ. Жазғы күн тоқырауына бірнеше күн қалғанда АҚШ-тың бірқатар штатында қалың қар жауды, деп хабарлайды Хабар24.

АҚШ-тың Монтана, Айдахо және Вайоминг штаттарындағы қалалар ақ ұлпаның астында қалды. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.


«Табиғат Ана қалжыңдасқанды жақсы көреді. Жазғы күн тоқырауына үш күн қалғанда қар жауды», – делінген хабарламада.


Сирек кездесетін мұндай құбылыс Айдахоның солтүстік, Монтаноның оңтүстік-батысы мен Вайомингтің оңтүстік-шығысын қамтыған.

Кей аудандарда қардың биіктігі ондаған сантиметрге жеткен.