АҚШ-тың сауда орталығында атыс болды

0
2 565

Белгісіз ер адам дүкенге келген полицейлерге оқ атқан.


АҚШ-тың сауда орталығында атыс болды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Боулдер қаласындағы сауда орталығының бірінде атыс болды, деп жазады 24.kz.

Белгісіз ер адам дүкенге келген полицейлерге оқ атқан. Бірақ зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Куәгерлер арнайы жасақ бір адамды ұстап әкеткенін көрген. Тағы бір кісіні жедел жәрдем көлігіне отырғызғанын байқағандар бар. Қазір оқиға орыны қоршалды. тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір Амеркиада дүркін-дүркін оқ атылып тұрады. Мысалы, өткен аптаның басында Атланта қаласындағы спа-салонда атыс болып, 7 адам қаза тапқан еді.

Стивен Маккью, жергілікті тұрғын:

- Бізде қару-жарақ саудасын, әрі оның сақтық шараларын жіті бақылайтын жібі түзу заң жоқ. Бұл қауіпті ғой. Қару тек терең тексеруден өткен, қоғамға еш қауіп төнідірмейтін адамдарда ғана болуы керек. Бейбіт күнде атыстың болатыны қалай? Ол енді бассыздық. Ал бізде апта сайын бір қайғылы оқиға тіркеліп жатады.