АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек көрсетеді

0
1 315

АҚШ Украинаға 300 миллион доллар көлемінде қосымша әскери "көмек" бөледі.


АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек көрсетеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Пентагон өкілі Джон Кирби мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаның қорғаныс қабілетін қолдау үшін қауіпсіздікке 300 миллион долларға дейін көмек бөледі", - деді Кирби мәлімдемесінде.

Бір апта бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаның Ішкі істер министрлігіне шекараларды қорғау, тәртіпті сақтау және маңызды мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау үшін қосымша 100 миллион доллар көлемінде көмек беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.