Әлемде коронавирус жұқтырғандардың үштен бірі – америкалықтар

0
533

Коронавирус кесірінен бүгінде Құрама штаттарда 16 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған.


Әлемде коронавирус жұқтырғандардың үштен бірі – америкалықтар

ERNUR.KZ. Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та 550 мыңнан астам науқас тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал вирус құрбандарының саны 22 мыңнан асады. Ел аумағында дерттің кеңінен етек жайып, ауруханаларда бос орынның болмауына байланысты, жергілікті шіркеулер мен храмдар да уақытша емханаға айналған.

– Жуырда осы жерден шығарылған азаматтармен сөйлестік. Олар тек үйлеріне оралатындары үшін ғана емес, сондай-ақ емделушілерге жасалған күтімге де ерекше риза болғандарын жеткізді. Бір жігіт тіпті ақшалай сыйлық та бермек болды. Бірақ біз одан бас тартып, бұл біздің міндетіміз екенін айттық, - дейді әскери-теңіз күштері емханасының санитарлық қызметкері Бриттани Беркли.

Коронавирус кесірінен бүгінде Құрама штаттарда 16 миллионнан астам адам жұмыссыз қалған. Бірақ мұндай азаматтарға билік тарапынан жәрдемақы қарастырылған. Мәселен, Нью-Йорк штатында жұмыссыз деп тіркелгендерге берілетін қаржылай көмек мөлшері – аптасына 504 доллар. Бұған тағы 600 доллар көлемінде федералдық көмек қосылады. Осылайша жұмысы жоқ әрбір тұрғын мемлекеттен апта сайын 1104 доллар ала алады. Бірақ бұл Америка экономикасы үшін айтарлықтай салмақ болып тұр. Экономистердің айтуынша, тіпті елге рецессия қаупі де төнген. Ал одан Америка келесі жылдың көктемінде ғана айығуы мүмкін.

– Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыны алу үшін азаматтар жұмыстан шығып жатыр. Себебі тұрғындар үшін бұл өте тиімді шешім, - деді бапкер Морган Вака.