Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 5,5 миллионға жуықтады

0
543

Індеттен 346 688 адам қайтыс болды.


Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 5,5 миллионға жуықтады

ERNUR.KZ. Әлем бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 5,5 миллионға жақындады, деп жазады ҚазАқпарат.


25 мамыр сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 5 498 577, қайтыс болды - 346 688 адам, жазылды - 2 302 004 науқас.


Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ бірінші қатарда тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 686 436 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 19 608. Екінші орында Бразилия (науқастардың жалпы саны – 363 618, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 16 220), үшінші орында - Ресей (344481 / +8599).


Одан кейін орналасқан елдердің тізімі келесідей:

Испания: 282852 / +482

Ұлыбритания: 259559 / +2405

Италия: 229858 / +531

Франция: 182584 / +115

Германия: 180328 / +342

Түркия: 156827 / +1141

Үндістан: 138536 / +7113


ТМД-да коронавирус індеті ең көп анықталған мемлекет – Беларусь. Мұнда науқастардың жалпы саны – 36 198, бір тәуліктегі өсім – 954 .


Науқастар саны бойынша одан кейін орналасқан елдер:

Украина: 20986 / +406

Қазақстан: 8531 / +209

Молдова: 7093 / +99

Армения: 6661 / +359

Әзербайжан: 4122 / +140

Өзбекстан: 3164 / +49 Тәжікстан: 2929 / +191

Қырғызстан: 1403 / +38

Грузия: 730 / +2