Әлемде коронавирустан көз жұму дерегі 2020 жылдың жазындағы деңгейге қайта теңесті – ДДҰ

0
785

ДДҰ осы жазда Еуропа елдерінде COVID-19 өршиді деген болжам жасап отыр.


Әлемде коронавирустан көз жұму дерегі 2020 жылдың жазындағы деңгейге қайта теңесті – ДДҰ

ERNUR.KZ. Маусым айында Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны үш есе өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«ДДҰ осы жазда Еуропа елдерінде COVID-19 өршиді деген болжам жасап отыр. Ұйымның мәліметінше, қазір Еуропалық аймақтың 53 елінде күн сайын 500 мыңға жуық коронавирус инфекциясы тіркеліп отыр. Тәуліктік өлім-жітім 2020 жылдың жазындағы деңгейде – күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады», - делінген ВАК мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, ДДҰ COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында уақтылы вакцина алуға және қоғамдық орындарда бетперде тағуға, ал аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.