Әлемде коронавирустың алты түрі таралуда - ғалымдар

0
844

СС256 және CC258 топ вирустары АҚШ-та байқалса, СС70 және CC225 тобы инфекция қоздырушылары Еуропада, ал CC300 коронавирус тобы Оңтүстік Америкада таралуда екен.


Әлемде коронавирустың алты түрі таралуда - ғалымдар

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Пенсильвания университетінің ғалымдары әлемде коронавирустың алты түрі таралғанын анықтады, деп жазады Stan.kz.

Эпидемиологтар COVID-19-тың әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10,4 мың сынамасын сарапқа салыпты.


"Жаңа тәсіл бойынша біз геномы бір-біріне ұқсас вирустарды өшіріп, тек әртүрлі инфекция тудырушыларды жинадық", - дейді зерттеушілер.


Осылайша сарапшылар әлемде таралып жатқан коронавирустың әртүрлі екенін анықтапты.

Ғалымдардың пікірінше, СС256 және CC258 топ вирустары АҚШ-та байқалса, СС70 және CC225 тобы инфекция қоздырушылары Еуропада, ал CC300 коронавирус тобы Оңтүстік Америкада таралуда екен.

Мамандар бұл зерттеудің коронавирустың алуандығына орай вакцина жасап шығаруға көмектеседі деген ниетте.