Әлемде мобильді интернет ең арзан елдер белгілі болды

0
450

Ең арзан мобильді интернет Израильде болып шықты.


Әлемде мобильді интернет ең арзан елдер белгілі болды

ERNUR.KZ. Ranking.kz халықаралық деректерге мониторинг жүргізіп, Қазақстан мен басқа елдердегі тарифтердің құнын анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Британиялық Cable аналитикалық ресурсының мәліметіне сәйкес, өткен жылы 1 Гб мобильді деректердің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі ең арзан интернет Израильде болды (0,04 доллар). Бестіктің қатарына Италия (0,12 доллар), Сан-Марино (0,14 доллар), Фиджи (0,15 доллар) және Үндістан (0,17 доллар) енді.

Қазақстан да мобильді интернет ең арзан елдердің қатарынан табылды. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,37 долларды құрады.

Ресейде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны – 0,48 доллар, Германияда – 2,67 доллар, Португалияда – 3,67 доллар, Жапонияда – 3,85 доллар, АҚШ-та – 5,62 доллар.

Ресурстың жазуынша, Қазақстанда мобильді интернеттің құны жылдық динамикада азайған. Cable мәліметтері бойынша 2021 жылы елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы жоғары болды: 0,59 доллар. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 0,49 доллар мен 0,46 долларды құрады.

Бұл ретте сектордағы тарифтердің төмендеуі трафикті тұтыну мен мобильді интернет жылдамдығының өсуі аясында орын алды. Ақпаратқа сәйкес, желтоқсан айының қорытындысы бойынша елде интернет жылдамдығы бір жылда 11,5%-ға өсті.