Әлемде жаңа коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды

0
616

Вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты.


Әлемде жаңа коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Дүниежүзінде 50 мыңнан астам адам жаңа коронавирусты жұқтырудың салдарынан қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавируспен байланысты 50 230 өлім тіркелген. Вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты.

Өлім-жітім басқа елдермен салыстырғанда Италияда ‒ 13 915 және Испанияда ‒ 10 003 көбірек тіркелген.