​Әлемде жастардың 65 миллионы жұмыссыз жүр

0
929

Бүгінгі таңда олар климаттың өзгеруі, қарулы-қақтығыс пен жұмыссыздық сияқты көптеген қиыншылыққа тап болуда.


​Әлемде жастардың 65 миллионы жұмыссыз жүр

ERNUR.KZ. Әлем бойынша жастардың 65 млн-ы екі қолға бір күрек таба алмай жүр, ал 600 млн-нан астамының негізгі білімі жоқ. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йоркте өткен жастар форумының жабылу салтанатында осындай мәлімдеме жасады, деп жазады 24.kz.

Осылайша, Антониу Гутерриш әлем елдерінің басшыларын жастар мәселесіне аса көңіл бөлуін сұрады. Мәселен, бүгінгі таңда олар климаттың өзгеруі, қарулы-қақтығыс пен жұмыссыздық сияқты көптеген қиыншылыққа тап болуда. Форум қатысушылары білімге құйылған инвестицияға ерекше мән беру керек екенін айтты. Сонымен қатар жастарды жаһандық мәселелерді шешуге тарту керек деген ұсыныс жасалды. БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті Мария Фернанда Эспиноса Гарсес арнамыздың тілшілеріне берген сұхбатында жыл сайын осы ұйымның басшылығымен өтетін жастар форумында Қазақстаннан келген делегаттар да бар екенін айтты.

Мария Фернанда Эспиноса Гарсес, БҰҰ бас ассамблеясының президенті:

– Әлем елдерінен жиналған мыңнан астам жастардың бұл форумға белсенді қатысқанын көрдім. Мен БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті ретінде мақсаты айқын жас буынды көргеніме өте қуаныштымын. Осы категория бойынша: « Конгода эбола індетінен 800-ден астам адам көз жұмды