Әлемдегі ауасы ең лас қала анықталды

0
908

Сараево адам өміріне ең қауіпті қала атанған.


Әлемдегі ауасы ең лас қала анықталды

ERNUR.KZ. Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево әлемдегі ауасы ең лас қала деп танылды, деп хабарлайды ktk.kz.

Сараеводан кейінгі орында Бангладештің астанасы Дакку жайғасыпты. Қаңтар айының басында Сараево қаласының ауа сапасының индексі 236 құрапты. Сол себепті Сараево адам өміріне ең қауіпті қала атанған.

Босния мен Герцеговинаның астанасының билігі бұл жағдайға байланысты дабыл қаққан көрінеді. Тұрғындарға далада жүргенде қорғаныш бетпердесін киіп, үйде болғанда терезелерін ашпауды ескертіліпті. Бұған қоса транспорттың қозғалысына шектеу қойылған.

Қала атмосферасының ластануы себеп болған жағдайларға Сараеводағы тоқтаусыз жүретін көлік пен үйді жылытуға ағаш отынның пайдалануы айтылыпты. Бұған қоса аталған мемлекетте зиянды газдар қадағаланбайтын көрінеді, ал билік қуат көзін сертификациядан өткізуді ұмытқан.