Әлемдегі ең бай актерлердің тізімі жарияланды

0
1 938

Тізімде 25 кино жұлдыздың есімі көрсетілген.


Әлемдегі ең бай актерлердің тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. Ceoworld журналы әлемдегі ең бай актерлердің 2020 жылғы тізімін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы жылдың ең бай актері – 570 млн доллары бар голливудтық Том Круз. Ол әсіресе «Тәуекелді іс» (1983), «Top Gun» (1986), «Жаңбыр адамы» (1988), «Джерри Магуайр» (1996) және «Магнолия» (1999) фильмдері арқылы көрерменге танымал. Круз үш рет «Алтын глобус» премиясының жүлдегері және үш рет «Оскар» номинанты болған.

Ал тізімдегі екінші орынға «Жедел жәрдем» сериалы мен «Түн батқаннан таң атқанға дейін» фильмі арқылы танымал Джордж Клуни жайғасқан. Оның байлығы 500 млн долларды құрайды. «Алтын глобус», «Оскар» премияларының лауреаты.

Алғашқы үштікке 425 млн доллар қазынасы бар Мел Гибсон кіреді. Ол «Батыл жүрек» фильмі үшін екі рет «Оскардың» және «Алтын глобус» премиясының лауреаты атанған.

Ең бай 25 кино жұлдыздың есімі көрсетілген тізімді ұсынамыз: