Алтыншы сынып оқушысының бойы 208 см-ге жеткен (фото)

0
2 066

Жеткіншек алты жасында 160 см болған.


Алтыншы сынып оқушысының бойы 208 см-ге  жеткен (фото)

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең бойы ұзын қыз Қытайда өмір сүреді. Чжан Цзыюй есімді 11 жастағы жеткіншектің бойы бүгінде 208 см-ге жеткен деп жазады nur.kz.

Алтыншы сыныпта оқитын Чжан Цзыюй болашақта баскетболшы болуды армандайды.

Жасөспірім қыздың ата-анасының бойы да 180 см шамасында болғандықтан, олар қыздарының қатарластарынан ұзын екеніне таңғалмаған.

Чжан Цзыюйдің бойы алты жасында 160 см болған.

Салыстырмалы түрде айта кетейік, Қытайда алтыншы сынып оқушыларының бойы 137 см шамасында.

Қазіргі уақытта Чжан Цзыюй гиннестің рекордтар кітабына енбеген. Кітапта әлем бойынша ең ұзын қыз ретінде Саутгемптон қаласының 12 жастағы тұрғыны Софи Холлинс тіркелген. Оның бойы -188 см.