​Әлемдегі ең танымал автомобильдер тізімі жасалды

0
1 351

Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады.


​Әлемдегі ең танымал автомобильдер тізімі жасалды

ERNUR.KZ. Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы "Автостат" сараптама агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. 2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп сатылған көлік – Toyota Corolla. Небәрі алты ай ішінде осы модельдің 611 мың данасы сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, сату көлемінде айтарлықтай өзгерістер жоқ.

Екінші орында – Ford F-Series. Жарты жыл ішінде 537 мың дана сатылған, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырған үш пайызға жоғары.

Үшінші орында – Volkswagen Golf - 442 мың автомобиль сатылған.

Үздік бестікте Honda Civic және Toyota RAV4 автокөліктері бар (425 мың және 409 мың автокөлік).

Тізімнің үздік ондығына Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry және Chevrolet Silverado көліктері енген.