Әлемдегі үздік актерлердің бір ауыз сөзінің құны жарияланды

0
660

Сарапшылар актерлердің бүкіл мансабында айтылған сөздерінің санын есептеді.


Әлемдегі үздік актерлердің бір ауыз сөзінің құны жарияланды

ERNUR.KZ. Киноға түскендегі бір ауыз сөзі ең қымбат актерлердің рейтингі шықты, деп хабарлайды Хабар24.

Сарапшылар актерлердің бүкіл мансабында айтылған сөздерінің санын есептеді. Одан соң актердің гонорарын санап, әр сөзінің бағасын анықтаған.

Ең қымбаты Том Круздың бір ауыз сөзі болды – бір сөз үшін 7091 доллар. Екінші орында Курт Расселл – 5682 доллар, ал Джонни Депп 4877 доллармен үшінші орынға жайғасты.

Дензель Вашингтон (4581 доллар), Леонардо Ди Каприо (4326 доллар), Брюс Уиллис (4080 доллар), Киану Ривз (3643 доллар), Арнольд Шварценеггер (3447 доллар), Том Хэнкс (3150 доллар) және Брэд Питт (3058 доллар) үздіктер қатарына енді.

Нәзік жандылар арасыннан Камерон Диас көш бастады – бір сөзі 4637 доллар. Одан кейін Кортни Кокс (3528 доллар) және Джоди Фостер (3265 доллар) тұр.