Әлемдегі ең үлкен алып кеме саяхатқа шықты

0
3 630

Аспанмен астасқан кемені жасау үшін франциялық STX компаниясы 2 жыл уақыт жұмсаған. Оның салмағы 228 000 тонна, ұзындығы 362 метр.


Әлемдегі ең үлкен алып кеме саяхатқа шықты

ERNUR.KZ «Симфония морей» деп аталатын әлемдегі ең үлкен кеме өткен сенбіде алғашқы саяхатқа шықты. Аспанмен астасқан кемені жасау үшін франциялық STX компаниясы 2 жыл уақыт жұмсаған. Оның салмағы 228 000 тонна, ұзындығы 362 метр. Алып кемеге лайнердің 2200 қызметкерін қоспағанда 8000 адам сыйып, оларға сапалы қызмет көрсете алады, - деп хабарлайды «Моя планета» басылымы.

Құны $1,35 млрд.тұратын саяхат кемесі көңіл көтерудің ерекше түрлері ұсынылады. Яғни арқан жол, мұз айдыны, скалодром, теңіз толқындары тербелген аквасаябақ пен баскетбол және шағын гольф алаңдары қызмет алушыларға жағымды әсер қалдырады.

Франция қаласынан Испанияға жол тартқан лайнер Малагуға одан кейін бірнеше ай Жерорта теңізінде аялдайды.

Алып кеменің иесін білгіңіз келсе, Флорида қаласының Royal Caribbean International компаниясының директоры Ричард Фейн.