Әлемге әйгілі боксшы қаза болды

0
829

Аты аңызға айналған боксшы 55 жасында қайтыс болды. Ол жол апатына ұшыраған.


Әлемге әйгілі боксшы қаза болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та жол апаты салдарынан әлемге әйгілі боксшы Пернелл Уитакер қайтыс болды, деп жазады sputniknews.kz.

Трагедия Американың Вирджиния Бич қаласында болған. 14 шілде күні белгілі спортшыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды ESPN.


Басылымның хабарлауынша, дәрігерлер боксшының өміріне араша түсу үшін қолдан келгеннің бәрін істеген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Көлік жүргізушісі оқиға орнында жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін күткен.

Пернелл Уитакер 1984 жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Кәсіби рингте америкалық төрт салмақ дәрежесінде чемпион болды.

Пернелл Уитакер әлемдегі үздік боксшылардың бірі саналады. Ол өз карьерасында 40 жекпе-жек өткізіп, 35-інде жеңіске жеткен. Төрт рет жеңіліп, бір кездесуді тең есеппен аяқтаған.