"Әлі аяқталған жоқ": ДДСҰ коронавирусқа қатысты арқаны кеңге салмауға шақырды

0
662

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) COVID-19 жағдайына қатысты төтенше комитеті 11 сәуірде өткен отырысында коронавирустық пандемия әлі аяқталмағанын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Комитет қазір COVID-19-ға қатысты арқаны кеңге салатын уақыт емес деген қорытындыға келді, деп жазады Stan.kz.

"Өкінішке қарай, пандемия әлі аяқталмады, вирус әлі де белсенді, өлім-жітім көрсеткіші жоғары, вирустың өзі болжауға келмейтін жолмен дамиды. Комитет бірауыздан қауіптілігін естен шығаратын сәт әлі жеткен жоқ деп шешті” – деді ДДСҰ басшысы Дидье Уссен.

Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс өткен апта пандемия басталғаннан бері COVID-19-дан қайтыс болғандар санының ең төменгі көрсеткіші болғанын айтты.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кейбір елдерде ауру өршуінің себебінен ауруханалардың жұмысына салмақ түсіп жатыр.