Алты минутта ұшақтан $5 млн-ды ұрлап кетті

0
1 063

Белгісіз адамдар мәшинесіне ішкі қауіпсіздік қызметінің белгілерін тағып алып, әуе айлағына кірген. Содан соң, бес қарақшы күзетшілержді қарумен қорқытып, әуе лайнерінен 5 миллион долларды алып кетеді.


Алты минутта ұшақтан $5 млн-ды ұрлап кетті

фото: ашық дереккөзден

Бразилияның Сан-Паоло қаласы әуежайының жүк терминалындағы ұшақтан қылмыскерлер 5млн. АҚШ долларын тонап кетті,-деп жазады korrespondent.net

Оқиға 4 наурыз күні болған екен. Lufthansa әуе компаниясына тиесілі әуе кемесі Бразилиядан Швейцариядағы Цюрихке ұшуы тиіс болған.
Белгісіз адамдар мәшинесіне ішкі қауіпсіздік қызметінің белгілерін тағып алып, әуе айлағына кірген. Содан соң, бес қарақшы күзетшілержді қарумен қорқытып, әуе лайнерінен 5 миллион долларды алып кетеді.

Күдіктілердің бұл қылмысты жүзеге асыруына небәрі алты-ақ минут кетіпті. Қазіргі кезде оларды полиция іздестіріп жатыр.

Тоналған ақшаны бағалы заттарды тасымалдаумен айналысатын Brink's компаниясы Цюрихке жеткізуі тиіс болған.