​Ғалымдар табысы төмен ерлі-зайыптылардың некесі бақытты болатынын айтты

0
1 957

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша, некеде бақытты болудың құпиясы тікелей отбасылық табысқа тәуелді көрінеді.


​Ғалымдар табысы төмен ерлі-зайыптылардың некесі бақытты болатынын айтты
фото: torise.ru

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар некенің баянды болуының құпиясын тапты, деп жазады facenews.ua. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша, некеде бақытты болудың құпиясы тікелей отбасылық табысқа тәуелді көрінеді.

Джорджи университетінің ғалымдары 3,5 мың адамның арасында сауалнама жүргізіп зерттеген. Сауалнамаға қатысқан адамдардың жасы 24-89 арасында болған. Сондай-ақ, зерттеу бойынша олар 3 топқа – некеде тұратындар, жас жұбайлар және бойдақтар болып бөлінген. Бұл зерттеудің нәтижесі Social Science Research журналында жарияланған.

Зерттеу нәтижесінде, некенің бақытты болуы олардың табысына тікелей тәуелді екендігін көрсеткен. Егер жұбайлардың ортақ табысы жылына 60 мың АҚШ долларына аспайтын болса, онда олар бір-біріне қамқор болып, ортақ отбасылық бюджетті қалыптастырып отыратын көрінеді.

Осыдан барып ғалымдар табысы төмен ерлі-зайыптылардың ең бақытты болып саналады деген қорытындыға келіпті. Сондай-ақ, сауалнама барысында жалғызбастылардың некелілерге қарағанда күйзеліс пен стреске көп шалдығатыны да анықталған.