Amazon компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартады

0
524

Amazon компаниясында қазір 1,5 млн адам қызмет етеді.


Amazon компаниясы 10 мың қызметкерін қысқартады

ERNUR.KZ. Қысқарту негізінен технологиялық саладағы қызметкерлерге қатысты болады. Оған әсіресе дауыспен басқарылатын гаджеттерді шығаратын бөлімнің жұмысшылары ілігеді, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы жылдары компанияның шығыны 5 млрд доллардан асып кеткен. Бұған макроэкономикалық ахуал әсер етті. Себебі инфляцияның шарықтауы мен электр энергиясының қымбаттауынан тұтынушылардың сатып алу әлеуеті азайып, шығын көбейген.

Айта кетейік, Amazon компаниясында қазір 1,5 млн адам қызмет етеді.