Америка гуманитарлық көмек орнына Венесуэлаға қару-жарақ жереді ме?

0
947

Ресей билігі гумнаитарлы көмек орнына Венесуэлаға қару-жарақ жебермек деп Америкаға кінә тақты.


Америка гуманитарлық көмек орнына Венесуэлаға қару-жарақ жереді ме?

ERNUR.KZ АҚШ гуманитарлық көмек ретінде Венесуэлаға оппозиция үшін қару лақтыруды жоспарлап отыр, деп мәлімдейді Ресей билігі. СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлімдегендей, операция "әскери ғылымның барлық ережелері бойынша" дайындалады. Жүкке ірі калибрлі пулеметтер, гранатометтер, сондай-ақ тасымалды ҚРЗ кіреді.

"АҚШ компаниялары мен олардың НАТО бойынша одақтастары Шығыс Еуропа елдерінің бірінде кейіннен Венесуэла оппозициялық күштеріне беру үшін қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ірі партиясын сатып алу мәселесін қарастыруда", - деп мәлімдеді М.Захарова жұма күні.

Бұған дейін Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Хуан Гуайдо 23 ақпаннан бастап елге америкалық гуманитарлық көмек түсе бастайтынын мәлімдеген болатын. Оны жинау орталықтары көршілес Колумбия, Бразилия, сондай-ақ Кюрасао аралында жұмыс істемек.

Венесуэла президенті Николас Мадуро шекараны жауып, ел әскерін толық жауынгерлік дайындыққа келтіргені туралы жариялады. Бұл ретте Мадуро Каракас Ресейден, сондай-ақ Еуроодақтан көмек алуға дайын екенін мәлімдеді.

Дереккөз: Euronews