Америкада жануарлар ауыр дертке шалдығып, зомбиге айналып жатыр

0
1 794

Жануарлар адамдардан мүлде қорықпайтын болды.


Америкада жануарлар ауыр дертке шалдығып, зомбиге айналып жатыр

ERNUR.KZ. АҚШ-тың 24 штатында және Канаданың екі аймағында бұғы мен бұландар өмір үшін қауіпті ауруға шалдығып жатыр, деп жазады Stan.

Ең бірінші рет құбылыс 1960 жылы Колорадоның солтүстігінде байқалған. Ауру миды және басқа да мүшелерді зақымдайды. Жануарлар кенеттен салмақ тастайды, координацияны жоғалтады. Сонымен қатар, ашуланшақ болып кетеді, адамдардан қорқу деген жойылады. Дерт созылмалы аурулардың қатарына жатады.

Бұл ауруды жануар бірнеше жыл бұрын жұқтырып алады. Ал оның белгілері енді ғана, осы шақта пайда болуы мүмкін. Ауру жабайы және еріксіз қамауда ұсталынған жануарларда көрініс табады. Ауырып қалғанда олар зомбиге ұқсап кетеді.

Осындай ауруға Норвегиядағы, Финляндиядағы, Оңтүстік Кореядағы жануарлардың шалдыққаны тіркелді.

Канадалық дәрігерлер аты жоқ дерт жетіліп, адамдарға жұғып кетеді ме деп қорқады. Қазіргі уақытта осы дертке шалдыққан адам жоқ.