Америкалық астронавтар ғарышта 2030 жылға дейін қалады

0
789

АҚШ билігі осы мерзім ішінде Еуропа, Канада, Жапония және Ресей сияқты халықаралық серістестермен бірлесіп жұмыс істеуді қалап отыр.


Америкалық астронавтар ғарышта 2030 жылға дейін қалады

ERNUR.KZ. Америкалық астронавтар Халықаралық ғарыш станциясында кемінде 2030 жылға дейін қалады, деп жазады 24.kz.

АҚШ билігі осы мерзім ішінде Еуропа, Канада, Жапония және Ресей сияқты халықаралық серістестермен бірлесіп жұмыс істеуді қалап отыр. НАСА басшыларының хабарлауынша, осы сәтке дейін Халықаралық ғарыш станциясында 3 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.

Бұл жұмыстарға бас-аяғы 110 елдің өкілдері атсалысты. Қазір кейбір мамандар Халықаралық ғарыш станциясы ескірді, оған күрделі жөндеу жасау керек деп есептейді.