Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті

0
1 203

Дәрігерлер аман қалған бүлдіршіннің жағдайын тұрақты дейді.


Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Мәскеуде 9-қабаттан құлап кеткеннен кейін аман қалған 4 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын тұрақты қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Ол өздігінен тыныс алуда.

Еске сала кетсек, 11 қарашада Мәскеуде ұл бала анасы және қарындасымен бірге көпқабаттың үйдің терезесінен құлап кеткен еді. Алдын ала мәлімет бойынша, анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберіп, артынша өзі де секіріп кеткен.