Ресейде анасы сатпақ болған бала әкесіне қайтарылды

0
967

Іздестіру шаралары барысында баланың әкесі анықталды. Осы іс бойынша ер адам жәбірленуші болып табылды. Жұбайлар біраз уақыттан бері бірге тұрмайтыны анықталды, баламен кездесу уақыты бойынша жұбайлар арасында түсініспеушіліктер орын алған.


Ресейде анасы сатпақ болған бала әкесіне қайтарылды

иллюстрациялық фото: pravmir.ru

Ресей жерінде анасы сатуға тырысқан бала әкесіне қайтарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Ресей Федерациясының аумағында баласын сатпақ болған қазақстандық анаға қатысты іс жүргізілуде. Қылмыстық іспен РФ Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы айналысып жатыр. РФҚК 127 бабы, 2- тармағы бойынша айыпталуда. Айыпталушы баласы үшін 20 мың АҚШ долларын талап еткен. Баланы сатып алушы ретінде Ресейдің ІІМ қызметкерлері келеді. Баласынан бас тарту туралы құжатқа қол қойып беріп, ақша аудару үшін Мәскеу банкіне келгенде ұсталған.

Іздестіру шаралары барысында баланың әкесі анықталды. Осы іс бойынша ер адам жәбірленуші болып табылды. Жұбайлар біраз уақыттан бері бірге тұрмайды екен, баламен кездесу уақыты бойынша жұбайлар арасында түсініспеушіліктер орын алған. Бала мен әкенің кездесулерін болдырмай барынша олардың қатынастарына кедергі келтіріп келген.
Қылмыстық іс бойынша зерттеу жүргізіліп жатыр.