Анасы ұлына балмұздақ алып бермегені үшін ата-ана құқығынан айырылды

0
1 271

Орган қызметкерлерінің айыптауларын негізсіз әрі ақылға қонымсыз деп бағалайды.


Анасы ұлына балмұздақ алып бермегені үшін ата-ана құқығынан айырылды

Ұлыбританиядағы Суонси қаласында 8 жасар баланың анасы мен қамқоршылық органдарының арасында келеңсіз жайт орын алды, деп жазады Daily Mail басылымы. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. хабарлайды.

Әйел баласына балмұздақ сатып алып бермегені үшін, қамқоршылық баланы тартып алған. Олар баланы балалар үйіне тапсырған. Мұнан кейін сот отырысы өтіп, сот шешімі әйелдің пайдасына шығарылмағандықтан, баланы басқа отбасына беріпті.

Өз кезегінде ашуланған әйел Суонси қаласының Жоғары сотына шағымданған. Артынша сот әйелді қолдаған. Ал арнайы қызмет қызметкерлері әйелге баласын бергісі келмей, оның баласының сұраныстарын орындамағанын айтқан. Мәселен, анасы 8 жасар ұлының шашын оның қалағанындай етіп қиюдан бас тартқан. Арнайы қызмет қызметкерлері анасының бұл әрекетін баланы кемсіту деп тауыпты.

Абырой болғанда, анасы сот төрағасы Джастис Мостистен қолдау тауып, баласын қайтарып алған. Ол орган қызметкерлерінің айыптауларын негізсіз әрі ақылға қонымсыз деп бағалап, баланың отбасына қайтарылуы керек екенін мәлімдеген.

«Айыптаушы тарап өз қорытындысын 44 параққа жазған. Сөз көп, алайда іс жүзінде, айтарлықтай ештеңе жоқ. Анасының баласына қатігездікпен қарағаны туралы негізді айғақтар жоқ. Анасы емес, органдағылар баланы күйзеліске түсірді. Ол анасымен болуы керек», – дейді сот төрағасы Джастис Мостис.