Англияда монеталарға толы ағаш өседі

0
1 305

Бұл ағаштан 14 ғасырға тиесілі монеталарды да көруге болады.


Англияда монеталарға толы ағаш өседі

ERNUR.KZ. Англияның Peak District ұлттық саябағында монеталарға толы ерекше ағаш өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пайда болу тарихы ежелгі дәстүрмен байланысты. Ежелде адамдар садақа ретінде тиындарды ағаштардың қасына тастаған, бірақ олар ұрланып кеткеннен кейін ағашқа қағып кететін болған.

Наным бойынша, бұл дәстүр адамдарға ауыр сырқаттардан айығуға көмектесіп және сәттілік әкеледі.

Зерттеулерге сүйенсек, ежелгі кельттер монеталарды ағашқа соғуды алғаш рет 1700 жылдары бастаған. Дегенмен бұл ағаштан 14 ғасырға тиесілі монеталарды да көруге болады.