Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

0
466

Юрий Шатунов 48 жаста еді. Әнші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.


Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

ERNUR.KZ. Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлады.

Юрий Шатунов 48 жаста еді. Әнші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юраның жүрегі тоқтап қалды", - деді Аркадий Кудряшов.

Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - кеңестік және ресейлік танымал әнші. "Ласковый май" тобының солисі болған. Оның "Искусственное дыхание", "Вспомни май", "Седая ночь" секілді танымал альбомдары бар.