​Әншіні үйінің ауласында атып кеткен

0
2 544

Қазір әнші жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.


​Әншіні үйінің ауласында атып кеткен

ERNUR.KZ. Махачкалада белгісіз бір адам дағыстандық әнші Машидат Омарасхабованы атып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Омарасхабова үйінің ауласында белгісіз бір адамның қолынан жарақат алды. Оның атыс қаруы болған. Әнші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты", - деді республиканың ІІМ Бас басқармасының өкілі.

Қазір әнші жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

ІІМ Бас басқармасының өкілі қару қолдану арқылы денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып өтті. Машидат Омарасхабова (шын тегі Шамхалова) – Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Гамзат Цадас атындағы Авар музыкалық-драма театрында жұмыс істейді.