Аңшылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

0
677

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Екеуі жарақат алды, – деп жазады inform.kz.


Аңшылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Ресейдің солтүстік-батыс көлік прокуратурасының мәліметі бойынша 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан, деп жазады aikyn.kz.

Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған.

Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.