Антальяда Ресей және Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөзі басталды

0
575

Келіссөз бір жарым сағатқа созылмақ. Одан кейін министрлер баспасөз мәслихатын өткізеді.


Антальяда Ресей және Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөзі басталды

ERNUR.KZ. Түркияның Анталья қаласында Ресей Cыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украинаның Cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба келіссөз жүргізіп жатыр, деп жазады Zakon.kz.

РИА Новости басылымының жазуынша, Келіссөз Антальядағы дипломатиялық форум аясында өтіп жатыр, оған Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да қатысып отыр.

Дипломатиялық ведомство басшылары Ресейдің Украинадағы әскери операциясы аясында қақтығыстан шығудың жолын табу мақсатында Беларусьтегі ресейлік және украиналық делегациялардың үш раундтық келіссөзінен кейін кездесіп отыр.

Келіссөз бір жарым сағатқа созылмақ. Одан кейін министрлер баспасөз мәслихатын өткізеді.