Антирадар орнатып, полицияны мазақ еткен жүргізуші 8 айға сотталды

0
2 215

67 жастағы Тимоти Хилл өзінің «Лэнд Роверімен» А19 тас жолындағы жылдамдықты бақылайтын камера жанынан өтіп бара жатып, бақылау қондырғысына әдепсіз қылық көрсеткен. ​


Антирадар орнатып, полицияны мазақ еткен жүргізуші 8 айға сотталды

Британиядағы Солтүстік Йоркшир соты бақылау камерасына ортаңғы саусағын көрсеткен көлік жүргізушісін 8 айға соттады. Өткен жылдың желтоқсан айында 67 жастағы Тимоти Хилл өзінің «Лэнд Роверімен» А19 тас жолындағы жылдамдықты бақылайтын камера жанынан өтіп бара жатып, бақылау қондырғысына әдепсіз қылық көрсеткен.

Британца отправили в тюрьму из-за глумления над камерой видеофиксации

Оның бұл әрекетін көріп тұрған полисмендер жол талғамайтын көлік жылдамдығын тексергенде радар нөлді көрсеткен. Көлікке радар жұмысына кедергі келтіретін лазерлі қондырғы орнатылғаны сол кезде белгілі болады.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің мекенжайын еш қиындықсыз анықтап, оған мемлекет қызметкерінің намысына тигені үшін айып таққан.

Өз қылмысын жасыру мақсатында Хилл заңсыз құрылғыны суға лақтырып тастап, көлікті басқа біреу басқарғанын дәлелдемек болды. Бірақ, антирадар қойғанын да полицейлерді мазақтағанын да ақыры мойындады.

Сот оны, көліктің шынайы жылдамдығын анықтауға мүмкіндік бермейтін әрекеті үшін әділдік орнатуға кедергі келтірді деп, бас бостандығынан 8 жылға, көлік жүргізу құқынан бір жылға айырды.