Антиваксер дәрігерлерді дипломнан айыру ұсынылды

0
1 064

Ғалым антиваксер дәрігерлер өз қызметін адамдарға зиян келтіру үшін пайдаланып жатыр деп санайды.


Антиваксер дәрігерлерді дипломнан айыру ұсынылды

ERNUR.KZ. Ресейлік Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург пациенттерді вакцина салдырмауға шақыратын дәрігерлерді дипломнан айыру туралы ұсынысты қолдады, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін сенатор, медицина ғылымдарының кандидаты Александр Башкин азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина алмауға үндейтін дәрігерлерді дипломнан өмір бойына айыруды ұсынды. Оның пікірінше, бұл кәсібилікке жатпайды.

"Бұл ұсынысты толығымен қолдаймын. Толығымен", -деді Гинцбург РИА Новости-ге.

Ол мұндай мамандарды дәрігерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінен айыру қажет екенін атап өтті. Себебі олар өз қызметтік жағдайын адамдарға зиян келтіру үшін пайдаланады.

"Олар адамдарды өлтіріп жатыр. Сонда ол қандай дәрігер? Неге оны дәрігер деп атаймыз? Дипломы болғаны үшін бе? Мемлекет пен қоғам оған адамдарды емдеу мүмкіндігін берді. Ал ол оны мүлдем заңсыз қолданып жатыр", - деп түсіндірді Гинцбург өз ойын.