​Апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі үшін дәрігерлер сотталды

0
3 116

Сот шешімі бойынша, апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған.


​Апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі үшін дәрігерлер сотталды

ERNUR.KZ. Ташкенттің Алмазар аудандық соты былтыр қараша айында бірінің артынан бірі көз жұмған бір туған үш нәрестенің өліміне қатысты дәрігерлерді кінәлі деп тапты.

Алмазар аудандық соты дәрігер Гүлчехра Одилованы бес жылға, ал Нодира Туляганованы алты жылға бас бостандығынан айырды.

Сот шешімі бойынша, апалы-сіңлілі үш қыздың өлімі дәрігерлердің салғырттығынан болған. 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира инфекциялық ауруханада бірнеше сағаттың ішінде, бірінің артынан бірі көз жұмған.

"Инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігері Хусан Гиясов түнгі бірге дейін, 6 жастағы Мухлиса көз жұмғанша, ешнәрсе істемеген. Біз негізінен Хусан Гиясов кінәлі деп есептейміз. Біз оның жауапкершілікке тартылуын сұрап, тағы арыз жаздық", – дейді қаза тапқандардың туысы.

Былтыр қараша айында Бешкурган ауылында тұратын бір үйдің үш қызы – 7 жастағы Муниса, 6 жастағы Мухлиса және 4 жастағы Мохира бірінің артынан бірі көз жұмды. Ең кішісі жедел-жәрдем көлігінде, ал екі әпкесі ауруханада қайтыс болды.

Алдында олар кәуаптан уланды деген болжам жасаған. Бірақ туыстары мұны жоққа шығарады.


Дереккөз:centralasian.org/a