Аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 70-ке жетті

0
1 001

Жергілікті биліктің айтуынша, мұндай аптап ыстық соңғы рет 2010 жылы болып, 106 адам қаза болған.


Аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 70-ке жетті

ERNUR.KZ. Канаданың Квебек провинциясында осы айдың басынан бері тұрған аптап ыстықтан қаза тапқандардың саны 70-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Монреаль қаласының өзінде 34 адам көз жұмған.

Шыжыған күнге шыдамай қаза тапқандардың дені созылмалы ауруы бар қарттар. Сондықтан жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы егде адамдардың үйлеріне барып тексеруді қолға алды. Олардың туғандары мен жақындарына да туыстарына барып, халдерін біліп тұруға шақырды.

Сондай-ақ көптеген шаһарларда салқындатқышы бар әрі тегін сусын берілетін арнайы орталықтар ашылған. Ал жергілікті биліктің айтуынша, мұндай аптап ыстық соңғы рет 2010 жылы болған екен. Ол кезде күннің ыстығына шыдамай 106 адам қаза болған.