Аргентинада 1,5 мың адам абортқа тыйым салуды талап етті

0
837

Аргентинада жыл сайын 350 мың заңсыз жасанды түсік жасалады екен.


Аргентинада 1,5 мың адам абортқа тыйым салуды талап етті

ERNUR.KZ. Буэнос-Айресте 1500-ге жуық адам қала көшелеріне шықты. Олар жасанды түсікті заңдастыруға қарсы, деп жазады baq.kz.

Бүгінде Аргентина заңы бойынша тек зорлық-зомбылық көрген немесе ананың денсаулығына қауіп төнген жағдайда ғана аборт жасауға рұқсат беріледі. Дегенмен аталған заң жобасының қолдайтындар да аз емес.

Олардың айтуынша, бұл заң астыртын аборттың жолын кеседі.

Айта кетсек, Аргентинада жыл сайын 350 мың заңсыз жасанды түсік жасалады екен. Ал халықаралық ұйымдар оның саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді.