Аргентинада карантин ережесін бұзғандарға 7 мың доллар айыппұл салынады

0
672

Тұрғындардың карантин режимін сақтамауы Аргентинадағы коронавирус инфекциясының өршуіне әкеліп жатыр.


Аргентинада карантин ережесін бұзғандарға 7 мың доллар айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Аргентинада карантин ережелерін бұзғандарға ірі сомада айыппұл қарастырылады, - деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, аргентиналық Кордоба провинциясының үкіметі пандемия жағдайында тәртіп ережелерін бұзғандар үшін айыппұлдарды өсіру туралы бастама көтерді. Губернатор Хуан Скиаретти бұл жаңа "ерекше санкциялар режимін" бекітуді көздеп отыр, себебі тұрғындардың карантин режимін сақтамауы Аргентинадағы коронавирус инфекциясының өршуіне әкеліп жатыр.

Осылайша Аргентина билігі айыппұл сомасын, яғни қоғамдық жерлерде маска тақпағандарға 500 мың песоға (шамамен 7 мың доллар) дейін айыппұл салуды қарастырып отыр.