Аргентинада Ресей азаматы 4 келі кокаинмен ұсталды

0
1 295

​ERNUR.KZ. Аргентина полициясы Буэнос‐Айрес әуежайында есірткі алып өтпек болған ресей азаматын ұстады. Оның қол сандығынан пластик пакеттерге өлшеп, бөлініп салынған төрт килограмм кокаин табылған.


Аргентинада Ресей азаматы 4 келі кокаинмен ұсталды
ERNUR.KZ. Аргентина полициясы Буэнос‐Айрес әуежайында есірткі алып өтпек болған ресей азаматын ұстады. Оның қол сандығынан пластик пакеттерге өлшеп, бөлініп салынған төрт килограмм кокаин табылған.

Бұл туралы Аргентина қауіпсіздік министрі Патрисия Буллрич Facebook-тегі парақшасында жариялады.


Полицияның мәліметі бойынша, есірткі заты чемоданның екінші астарына жасырылған.

Министрдің Ресей елшілігі жанындағы мектептен көп мөлшерде есірткі табылғаннан кейін аргентина билігі бүкіл елде сақтық шараларын күшейткен.

Бұған дейін Аргентинаның тәртіп сақшылары Буэнос-Айрестегі Ресей елшілігі аумағынан 12 чемоданға салынған 389 келі кокаин тапқанын хабарлағанбыз.