Арктикада ауа температурасы рекордтық деңгейде жоғарылады

0
730

25 шілде күні кешке Шпицбергенде 21,7 градус температура тіркелген.


Арктикада ауа температурасы рекордтық деңгейде жоғарылады

ERNUR.KZ. Ғалымдар Солтүстік полюстен 1300 шақырым жерде орналасқан Шпицберген арктикалық архипелагында метеорологиялық бақылау тарихындағы ең жоғары температураны тіркеді, деп жазады 24.kz.

«25 шілде күні кешке Шпицбергенде 21,7 градус температура тіркелді, бұл 1979 жылы орнатылған рекордтық көрсеткіштен 0,5 градус жоғары», - делінген хабарламада.

Архипелагтағы температураның жоғарылауына жылу толқыны себеп болғандығы айтылған. Әдетте бұл кезеңде ауа температурасы 8 градустан аспайды. Норвегиялық метеорологтардың мәліметінше, 1971 мен 2017 жыл аралығында Шпицбергендегі ауа температура 3-5 градусқа көтерілген.